Мекен-жайы

Тараз қаласы, Мыңбұлақ мөлтек ауданы, 22

Телефон

Қабылдау бөлімі, 8 (7262) 54-07-57

54-07-58

Сенім телефоны

Жаңалықтар

Card image cap

5 Қараша 2022

Ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға – бүгінгі бүлдіршіндер.

Ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға – бүгінгі бүлдіршіндер.Олар – еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап, әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ. Сол себепті орталықта озат және екпінді оқушылардың шеруі ұйымдастырылды. Балаларды осы шеруде құттықтап М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.Заурбекованың жетекшілігімен Бастауышта оқытудың педагогикасы […]

Card image cap

4 Қараша 2022

«Аяулы күз, алтын күз-2022»

Балаларды қолдау орталығы, Тараз қаласы. Бүгін Орталықта керемет мерекенің бірі «Аяулы күз, алтын күз-2022» атты кеш ұйымдастырылды. Бұл кеште «Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы» номинациясын жеңіп алу үшін сымбатты сұлу, жеті қырлы бір сырлы қыз – жігіттерден тұратын 5 жұп өз бағын сынады. Өздерінің бойындағы өнерлерін барынша ортаға салып, әділ – қазылардың алдында 5 номинация […]

Card image cap

2 Қараша 2022

Журналист, ақын Бақытжан Советұлымен кездесу

Балаларды қолдау орталығы. Тараз қаласы. Орталықта балалардың халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өсиеті мол жырларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында кітапханашы Илия Сүлейменованың ұйымдастыруымен журналист, ақын Бақытжан Советұлы Алимқұловпен кездесу әдеби кеші ұйымдастырылды. Бақытжан Советұлы балалық шағының қызықты тұстарымен бөлісіп, әр адамның алдынан шығатын қиындық […]

Card image cap

1 Қараша 2022

«Шебердің қолы ортақ»

Балаларды қолдау орталығы. Тараз қаласы. Балалардың күздік демалыс уақытында орталықта қосымша білім беру педагогы А.Жигитекованың ұйымдастыруымен 13-18 жас қыздар аралығында құрақ көрпе құраудың технологиясын үйрету мақсатында шеберлік сағаты өтті. Қыздар шебер сағаты арқылы үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға және еңбек сүйгіштікке қызығушылығы артты. Бұл шебер сағатының ерекшелігі қыздар теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен ұштастыра білді.

Card image cap

1 Қараша 2022

Шеберлік сағаты

Балаларды қолдау орталығы. Тараз қаласы. Орталықта балалардың күздік демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Квиллинг» қолөнер техникасымен түрлі гүл жасау шеберлік сағаты өткізілді. Аталған шараның мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрі туралы түсініктерін қалыптастыру болды. Шеберлік сағатының соңында балалар өз еңбекьерімен жасалынған қол өнер бұйымдарынан шағын-көрме ұйымдастырды.

Card image cap

29 Қазан 2022

Қамқоршылар күні

Балаларды қолдау орталығы, Тараз қаласы. Қазанның жиырма тоғызы Қамқоршылар күні. Бүгін осы атаулы күнге орай  орталықта мерекелік концерттік іс-шара ұйыдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын мереке барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, Қазақстандағы пейілі кең, алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған балалардың жүрегінен үлкен орын алған қамқоршыларды мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында, орталық тәрбиеленушісі Навидті өзінің […]

Card image cap

28 Қазан 2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Балаларды қолдау орталығы. Тараз қаласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталған тапсырманы жүзеге асыру аясында орталықта «Кел, балалар, кітап оқимыз» тақырыбымен Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесін 3 және 4 сынып оқитын тәрбиеленушілер арасында дауыстап оқу шарасы ұйымдастырылды. Балалар […]

Card image cap

20 Қазан 2022

Балаларды қолдау орталығы, Тараз қаласы. 15.10.2022ж Астана қаласы Л. Гумилев атындағы халықаралық университетінде 2022 жыл»Балалар жылы» аясында Орталығымыздың көшбасшысы Шәбден Есімжан «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» атты республикалық форумға қатысып, елімізге танымал жазушылардың қолынан «Қазақстанның үмітартары» төс белгісімен және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды . Іс -шараны ұйымдастырушы «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының әкімшілігі балаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхат жасатып, ерекше қуанышқа толы сезімге бөледі.