26 Қаңтар 2019
Тараз-Арена спорт кешеніндегі экскурсия
«Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен, балалардың спорт саласына қызығушылығын арттыру мақсатында 26.01.2019 жылы «Тараз-Арена» спорт кешенінде экскурсия өткізілді. Экскурсияға өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 14 бала қатыстырылды. Экскурсия барысында спорттың мынадай түрлері көрсетілді: қол күрес, бассейн, теннис, футбол, таеквондо, жаттығу залдары және т.б. Балалар дана қазақ халқының «Спорт-денсаулық кепілі»-деген ұлағатты сөзінің мәнін терең түсінді. […]