«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деген дана сөзіміз текке айтылмаған. Қыздың нәзіктігін, сүйкімділігін, ақылдылығын, инабатты да ибалылығын, құндылығын дәріптеу мақсатында «Қыз Жібек аруы-2023» атты қыздар сайысы өтті.
Сайысқа қатысушы М. Пантелеева, К. Хурамова, А. Кадырова, Е.Дмитриева, Н.Шмидт, Д.Власова, Н.Алимбекова сынды қыздар 5 кезең бойынша өнерлерін ортаға салып, актерлік шеберліктерін көрсете білді.
Қазылар алқасы қатарынан табылған, қатысушы қыздарды әсем көйлектерімен ажарлай түскен «Набоко» сән үйінің директоры Ирина Анатольевна, Бахыткуль Егембердиевна және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Гульнар Жанкеновна бірінен-бірі өткен сұлу қыздардың өнерлеріне тәнті болып, қазіргі буынның жастары заман ағымынан қалмай, ата-жұрттың салт-дәстүрлерін жадыларынан шығармай жүргендігі аса қуантатындығын атап өтті.