«Жаңа жыл-2023»
Орталықта Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов болып, тәрбиеленушілерді арнайы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Нұржан Молдиярұлы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында бекітілген «Мейірім» жобасы аясында қамқорына алған Кан-кан Элонаға және орталықта өмір сүріп жатқан әр балаға ерекше көңіл бөліп, сыйлықтармен балаларға шаттық сыйлады.
Сонымен қатар, аталған жоба бойынша бекітілген облыстағы мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпкер басшылар да қамқорына алған балаларға қалауындағы сыйлықтарды тарту етті.
Облыс әкімі балаларға жаңа жылдық бағалы сыйлықтар табыстап, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Мерекелік кештен кейін Нұржан Молдиярұлы, Еркін Құлымбайұлы бастамасымен келген тәлімгер ағалар балалармен ашық әңгіме жүргізіп, болашақтарына жетістіктер мен жеңістер тіледі. Әскери қызметкерлер мен Жамбыл облысы полиция департаменті басшысы және ұжымы да балаларға Жаңа жылдық риясыз көңіл-күйге толы кеш сыйлады.