Мекен-жайы
Тараз қаласы, Мыңбұлақ мөлтек ауданы, 22
Телефон
Қабылдау бөлімі, 8 (7262) 54-07-57
54-07-58
Сенім телефоны
Мекеме қызметінің мақсаты:
1) Орталық өмірлік қиын жағдайдағы балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтерді көрсетеді.
2) кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
3) отбасылардың қиын өмірлік жағдайды еңсеруі үшін жағдай жасау;
4) Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз ету болып табылады.
3.3 Мекеме көрсетілген мақсатқа жету үшін қызметтің мына түрлерін жүзеге асырады:
1) өмірдің қиын жағдайына тап болған, саны 15 адамнан аспайтын 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған әртүрлі жастағы балаларды қабылдауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету;
2) Арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені тұрақты немесе уақытша (күндізгі) тұратын орын ұсына ете отырып, сондай-ақ ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтерді ұсыну арқылы көрсетіледі.
3) тәрбиеленушілерді білікті медициналық көмекпен, ұйымдастырылған бос уақытпен және сауықтырумен қамтамасыз ету;
4) балаларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік- құқықтық, психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша кеңес беру;
5) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынған көлем мен шарттарды және қажеттіліктерді анықтау.
6)отбасына өмірлік қиын жағдайды еңсеру бойынша өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмек көрсету;
7) телефон арқылы жедел көмек көрсету;
8) отбасыға орналастырудың түрлерін дамыту бойынша халықпен үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.
9) баланы отбасына қабылдауға тілек білдіруші азаматтарға кеңес беру және көмекке мұқтаж қабылдаушы отбасыларын қолдау;
10) биологиялық отбасында баланы сақтап қалудың кешенді көмегін қажет ете отырып отбасылық жайсыздықды ертерек анықтау бойынша қызығуышылық танытатын мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен жұмыс жүргізу.
Мекеменің құрылу мақсатына жауап бермейтін қызметпен Мекеменің айналысуға құқығы жоқ.